Назар аударыңыздар: біздің компанияның атынан жұмыс ұсынуға қатысты алаяқтық

Құрметті жазылушылар мен пайдаланушылар!

Соңғы 2-3 күнде Интернет-алаяқтар жұмыс іздеушілермен белсенді байланысқа шығып, өздерін Change PR Kazakhstan атынан рекрутёр ретінде таныстырып жатыр. Ресми түрде мәлімдейміз, олар – алаяқтар, қазіргі уақытта біздің компанияда бос жұмыс орындары жоқ. Барлық бос жұмыс орындары компанияның ресми сайтында (changepr.kz), Facebook (https://www.facebook.com/changeprkz) және LinkedIn (https://www.linkedin.com/company/change-pr-kazakhstan) парақшаларында, сондай-ақ Headhunter.kz жұмыс іздеу ресурсында жарияланады. Сақ болыңыздар! Деректеріңізді немесе қаражаттарыңызды алаяқтарға жібермеңіздер!