
2024 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Carlsberg Kazakhstan компаниясы Алматы қаласында жаңа өндірістік алаңды іске қосты. Жобаға салынған инвестиция көлемі $50 млн құрап, алкогольді және алкогольсіз өнім өндірісінің қуаттылығын жылына 2,3 млн гектолитрден 3,0 млн гектолитрге дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Ашылу рәсіміне «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының Еуропа елдерімен ынтымақтастық жөніндегі жетекшісі Анара Мекебаева қатысты.
Жаңа өндірістік желі өнімді екі форматта құюды қамтамасыз етеді: 0,43 л және 0,33 л көлеміндегі банка. Оның жылдамдығы қолданыстағы екі желімен салыстырғанда 30%-ға жоғары, бұл өндіріс тиімділігін айтарлықтай арттырады. Сондай-ақ, банкаларды тазарту үшін су орнына ауа тазарту әдісі қолданылады, бұл су тұтынуды азайтып, процесті экологиялық тұрғыдан тиімді етеді.
Change PR Kazakhstan агенттігі БАҚ және блогерлермен жұмыс жүргізді. Агенттіктің еңбегінің арқасында жаңа өндірістік алаңның ашылуы кеңінен ақпараттандырылып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен қамтылды.